Қазақстанда автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызметтер жұмыс істейді
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет ((7172) 44-46-85, 44-50-41) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «Қазақ радиосы», «NS» және «Авторадио» радиоарналарында жолдар туралы ақпарат уақытылы хабарланып, Министрліктің сайтында (www.mtk.gov.kz ) шығып отырады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Диспетчерлік қызметтер барлық аймақтарда бар.
Байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95
Осыған дейін хабарланғандай, ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, көріну қашықтығының нашарлығы) 2010 жылғы 26 желтоқсанда 22 сағат 30 минуттан бастап Өскемен-Зыряновск-Рахмановские ключи тас жолының Өскемен-Серебрянск учаскесінде (0-65 км) автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды.
Қазіргі таңда жолдың бұл бөлігінде қар тазартуға «Қазақавтожол» РМК 3 жол техникасы жұмылдырылды.
Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.