Қазақстанда автожолдарды салу мерзімін қысқартатын технология енгізілуде - А. Жұмағалиев

«Автожолдар салу барысында жаңа технологиялар енгізу бөлігінде проблема бар. Мен олардың шешімі жайында айтып өткім келеді. Бүінгі таңда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, инновациялық материалдар енгізу, олардың сапасы және жаңа технологиялар мәселелерімен айналысуда», - деді ол.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта автожолдарды салу барысында жаңа технологияларды енгізу үшін ол алдымен мақұлдануы тиіс. Бұл мақсаттарды еліміздің барлық аймағында жаңа технологияларды қабылдайтын 40 учаске құрылған.
«Бүгініг таңда біз құрылыс уақыты мен құнын 15 пайызға қысқартуға мүмкіндік беретін металл гофрленген шағын көпірлер мен құбырларды енгізгенімізді атап өткім келеді. Әрине, біз бұл мәселелердің барлығы тұрақты қарастырып отыратын боламыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс саласында жаңа технологиялар енгізу есебінен күрделі шығындарды арзандату әрі сапасын арттыру бойынша жұмыстардың нашарлығын сынаған болатын. Нәтижесінде жаңадан салынған автожолдар пайдалануға берілгеннен кейінгі жылы-ақ қайта жөндеуді қажет етеді. Мемлекет басшысының атап өтуінше, жол сапасы жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 144 елдің ішінде 117-ші орында тұр.
«Мемлекет басшысы айтқан жаңа технологияларға қатысты айтар болсам, біз Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының аумағында ілкі режімде инновация енгізудеміз. Қазірдің өзінде барынша оң нәтиже көрсетіп отырған аталған мақұлдау аяқталғаннан кейін біз жаңа технологияны Қазақстанның барлық аумағында енгізуді көздеп отырмыз», - деді А. Жұмағалиев.