Қазақстанда -45 градус аяз болжанып отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің кейбір өңірлерінде алдағы күндері (20-22 ақпанда) ауа температурасы - 45 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

мороз
Фото: pixabay.com

Жетісу облысында ауа температурасының -30-35 градусқа дейін, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында —45 градусқа дейін, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында —35 —39 градусқа дейін төмендейді деп болжанды», — деп хабарлайды Қазгидромет.

Батыста, оңтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар