Қазақстанда «әйелдер вагонымен» қанша пойыз қатынайды

әйелдерге арналған вагон
Фото: freepik

Бүгінде елімізде «әйелдер вагоны» 8 бағыттағы жолаушылар пойыздарының құрамында бар, деп хабарлайды Кazinform.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметіне сүйенсек, биылғы он айда 130 мыңға жуық жолаушы әйелдерге арналған вагонды таңдаған. Бұл вагондарда 7 жасқа дейінгі ер балалардың да сапарлауына рұқсат.

Салыстырмалы түрде, өткен жылы «әйелдер вагондарында» 114 мыңнан астам адам жол жүрген.

Қызметтің бұл түрі 2021 жылы енгізілген болатын.

Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар 8 бағыттағы пойыз құрамында бар:

➖ №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;

➖ №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны.

➖ №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;

➖ №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны;

➖ №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;

➖ №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны;

➖ №4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;

➖ №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Соңғы жаңалықтар