Қазақстанда «Әйелдердің саяси құқықтары» жобасы жүзеге асырыла бастады
2011 жылғы қазан айынан бастап «Әйелдердің саяси құқықтары (сайлау құқықтары бойынша оқыту және т.б.)» жобасын іске асыра бастады.
Жобаның мақсаты - әйелдерді мемлекеттік іске қатыстыру, әлеуметтік, саяси, заңшығармашылық және кәсіби салада шешім қабылдау үдерістеріне әйелдердің қатысуын арттыру.
Жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның 4 аймағында әйелдерге арналған семинар-тренингтер өткізу жоспарланған.
Семинар-тренингтердің мақсаты әйелдердің мемлекеттік іске қатысу құқықтарын іске асыруға арналған тиімді тәсілдерін іздеу болып табылады.
Әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі төмен көрсеткіштері әйелдер мәселелерінің маргиналдық үрдістеріне әкеліп соққан. Әйелдерді саясатта кемсітуге жаппай жұмыссыздық, кедейлік, әйелдердің денсаулығының төмендеуі, демографиялық кризис, әйелдерге қатысты зорлықтың өсуі және қоғамда әлеуметтік кернеуліктің пайда болуы себеп болды. Әйелдерге қатысты мемлекеттік саясатпен қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың арасында тура байланыстылық бар болуы бәрімізге мәлім. Сондықтан саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға арналған механизмдер жасау Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бірінші семинар-тренинг Астана қаласында 2011 жылғы 16 қарашада өткен болатын.