Қазақстанда әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу көрсеткіші еуропалық көрсеткіштен асып түсіп отыр - С. Диқанбаева
Бұл туралы бүгін Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
2008 жылдан бері Скринингтік зерттеулердің ұлттық бағдарламасы жүргізіліп келеді. С. Диқанбаеваның айтуынша, осы бағдарлама аясында тексеруден өткен 3 млн.-нан астам қыз-келіншектердің ішінен 0,14 пайызы, сүт безі қатерлі ісігіне (еуропалық стандарт - 0,3 пайыз), 0,003 пайызы жатыр мойны қатерлі ісігіне (еуропалық стандарт - 0,001-0,002 пайыз) шалдыққан. «Бұл ауруға шалдыққандардың 43 пайыздық бөлігінің алдын алуға болады. Ол үшін балалардың шылым шегуіне тыйым салу, аурудың пайда бола бастаған белгілерінің алдын алу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, осы ауруды туғызатын вирустарға қарсы вакциналар егу сияқты шаралар қолдану керек», - деді Ұлттық орталық директоры.
Оның сөзіне қарағанда, скринг тексеру әдісімен профилактикалық қарауларды жетілдіру үшін медициналық мекемелер 111 маммографпен қамтылған, сүт безі мен жатыр мойны дерттерін ерте анықтау үшін арнайы мамандар оқытылған.
Айта кететіні, соңғы 5 жылда ерте диагностика, скринг бағдарламалар мен емдеудің заманға сай тиімді кескіндерін енгізу нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 114,4-тен 104,0-ге дейін кеміген.