Қазақстанда айлығы 3 000 000 теңгедей болатын IPO маманы іздестірілуде
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең қымбат вакансия бойынша ай сайын 3 000 000 теңгеге дейін жалақы ұсынылып отыр. Үміткерге қойылатын басты талап - компанияны 2019 жылға қарай IPO-ға шығару. Мұндай ақпаратты ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша HeadHunter.kz зерттеу орталығы жариялады, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
Биржаға ұмтылып отырған ірі индустриалдық компанияның атқарушы директорына мынадай талаптар қойылған: 500 адамнан көп ұжымды басқару тәжірибесі, сата білу икемділігі, капиталдандыруды арттыратын қабілеті мен IPO-ға дайындау тәжірибесінің болуы. Акциялардың бастапқы орналастырылуы жоспарланған биржалық алаң нақтыланбаған. Егер кандидат қойылған міндетті орындаса, онда ол еңбекақы мөлшеріне қосымша IPO өткізілгеннен кейін 1 000 000-2 000 000 доллар опцион алады.
Headhunter hh.kz порталындағы Қазақстанның барлық облыстары бойынша, берілетін айлық жалақысы көрсетілген 4 983 вакансияны саралаған. Сыйақы мөлшері көрсетілмеген вакансиялар есепке алынбаған.