Қазақстанда айыппұл қолдану аясы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға кеңейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бас бостандықтан айырудың балама шараларын кеңінен қолдануға басымдық берілген.

Қазақстанда айыппұл қолдану аясы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға кеңейді

Қылмыс жасағаны үшін санкцияланатын жазалардың негізгі тізіліміне айыппұл белгіленіп, оның көлемі ұлғайтылған.

Айыппұлды қолдану аясы адам өліміне байланысты қылмыстарды қоспағанда барлық онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға кеңейтілген.