Қазақстанда аз уақытқа күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ны 12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Қазақстанда аз уақытқа күн суытады

«Алдағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына негізінен атмосфералық ағымдар ықпал етеді. Әдеттегісінше мұндай жағдайда күн бұлыңғыр болып, қар жауады. Елдің басым аумағында қар жауып, бұрқасын болып, жол көрінісі 1 км-ге дейін шектеледі. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман болып, көрініс аумағы 500 метрге дейін шектеледі»,-делінген хабарламада.

Алайда атмосфералық ағымдарды антициклон алмастырады. Қазіргі таңда ол Поволжье аумағына жетіп, республиканың оңтүстік өңірлеріне тарауда. Осы антициклонмен бірге 14 қаңтарға таман ауа температурасы аз уақытқа төмендейді.