Қазақстанда азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру көзделеді - М. Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру көзделеді. Бұл туралы бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
None
None

Айта кетейік, комитет отырысында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Аталған заң жобасына бірқатар Мәжіліс депутаттарыбастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте құжат негізінен әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыруды қарастырады. Сонымен қатар, заң жобасы Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы «ашық мемлекетті қалыптастыру» аттыбесінші бағытын жүзеге асырып, Бұл ретте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 95-96-шы қадамдарын қамтуды көздейді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ақпараттық қызметтің 40 пайызы қолжетімді емес.Сонымен қатар, ақпараттың 40 пайызы ашық, 20 пайызы құпия ақпараттар болып табылады. Бүгін қаралып отырған заң жобасы қабылданса, біз азаматтар үшін ақпараттардың басым бөлігі, шамамен 70 пайызға дейін ашық қолжетімділік болады деп болжаймыз», - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, құжат ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту мәселелері де көзделіп отыр. Мәселен, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын қоса алғанда, Парламенттің жалпы отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, сонымен қатар, жыл қорытындылары бойынша өткізілетін мемлекеттік органдардың алқаларын интернет-ресурстар арқылы ақпаратқа қолжеткізу ұсынылады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, әкімдер мен ұлттық университет ректорларының есептік кездесулерін өткізу міндеттеледі.

Заң жобасы алдағы уақытта өтетін Сенаттың жалпы отырысына шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар