Қазақстанда азаптаудың барлық жағдайына қатысты мәселелерді арнайы прокурорлар тексеретін болады - Бас прокурор орынбасары
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда азаптаудың барлық жағдайына қатысты мәселелерді арнайы прокурорлар тексеретін болады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель мәлім етті.
«Жақында Қазақстанға БҰҰ-ның арнаулы баяндамашысы Манфред Новак сапармен келіп кетті. Ол азаптаулар және басқа да қайырымсыз, адамшылыққа жат немесе адамгершілік ар-намысын қорлайтын қылмыс түрлері мен жазалар бойынша арнаулы баяндамашы болып табылады. Осыған орай, біз тиісті мемлекеттік органдардың барлығымен сәйкес жұмыстарды жүргіздік. Бұдан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексіне 18 қаңтарда өзгеріс енгізіліп, ол бойынша 141 бап БҰҰ Азаптауларға қарсы конвеенциясының 1 бабына сәйкес келтірілді», - деді И. Меркель.
Оның айтуынша, БҰҰ арнайы баяндамашысының сапарынан кейін бас прокуратура алдына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша арнайы нұсқаулар жасалып, Бас прокурордың үш бұйрығы шыққан.