Қазақстанда әзербайжандық «CBC TV» телеарнасы хабар тарата бастауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде Әзербайжанның «CBC TV» телеарнасын тіркеу мүмкіндігі қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Орталық Азия медиафорумында белгілі болды. 

Қазақстанда әзербайжандық «CBC TV» телеарнасы хабар тарата бастауы мүмкін
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Форум аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әзербайжан Республикасының Медиа дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмайловпен кездесу өткізді.

Келіссөз барысында тараптар халықтар арасындағы жақындасу мен ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыруда мәдениет, білім беру мен медианың маңызды рөлін атады. Әсіресе, тең дәрежелі ақпарат тарату мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі Әзербайжанның «CBC TV» телеарнасын еліміздің аумағында тіркеу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Одан бөлек Аида Балаева CNN-нің Орталық Азия және Африка бойынша өкілі Сайед Имран Ахмадпен кездесті. Тараптар тележурналистика мен медиа саласын дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары мен перспективаларын талқылады.

Айта кетейік, Астанада ІІ Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысып жатыр.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Орталық Азия журналистер академиясы мен креативті хаб құруды ұсынды. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің БАҚ өкілдеріне арналған ортақ сыйлық тағайындау бастамасын алға тартты

Соңғы жаңалықтар