17:40, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстанда ажырасқандардың саны некелесушілерге қарағанда жылдам өсіп келеді
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда ажырасқандардың саны некелесушілерге қарағанда жылдам өсіп келеді.
Осылайша, Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың бүгінгі брифингте берген ақпараты бойынша, қаңтар-қыркүйек айларында АХАТ органдарында 122,5 мың неке тіркелген. Өткен жылғы деректермен салыстырғанда, олардың саны 5,6 пайызға (115,8 мың) артқан. Ал ажырасқандардың саны - 36,1 мың, алайда былтырғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 8,3 пайызға (33,3 мың) көбейген.
Жалпы 1000 адамға шаққанда некеге тұру 9,7 құраса, ажырасу 2,9 деңгейінде болып отыр.