Қазақстанда азық-түлікті тұтыну көлемі артты
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Бюро азық-түлік тұтынуы бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелерін жариялады.
Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі: картоп – 3,8 кг 1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг сиыр еті – 2,1 кг алма – 1,6 кг құмшекер – 1,5 кг күріш – 1,4 кг шикі сүт – 1,1 литр айран – 1 литр жұмыртқа – 17,6 дана макарон өнімдері – 0,9 кг жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг қара шай – 0,1 кг
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі. Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл азық-түлік өндірісі 9,5%-ға артатынын хабарлады.