Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттады
«2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну бағасының индексі 111,7 пайызды құрады. Азық-түліктік тауарларға бағалар – 16,9, азық-түліктік емес тауарларға – 10, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 6,2 пайыз өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,5 пайыз артты», - делінген бюро ақпаратында.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде бағаның өсуі басты пиязға - 9,8, қантқа – 6,1, күрішке – 4,4, жармаларға – 4,1, ұнға, минералды және ауыз суға – 3,5, консервіленген сүтке – 3,3, макарон өнімдеріне – 3,1, тоқаш және ұн өнімдеріне – 2,8, жұмыртқаға, жеміс және көкөніс шырындарына – 2,4, кондитерлік өнімдерге, жылқы етіне – 2,2, құс етіне 2,1 пайыз болған. Ал картоп - 7,5, жаңадан жиналған жемістер – 6, жаңа жиналған көкөністер 5,2 пайыз арзандаған.