Қазақстанда балалар қауіпсіздігіне арналған сайт ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалар қауіпсіздігіне арналған www.amansabi.kz атты ақпараттық ресурс өз жұмысын бастады.
None
None

Сайтта сәби шақтан 17 жасқа дейінгі балалар қауіпсіздігіне қатысты ақпараттар жүктелген, дейді сайтты өз бастамасымен ұйымдастырған Астана тұрғыны Динара Құсайын. Ол сондай-ақ сайтта аналарға арналған блогты да жүргізуде.

Аталмыш сайт ата-аналарға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге және ең бастысы - балаларға, сондай-ақ жалпы көпшілікке арналған. Amansabi.kz ақпараттық ресурсына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетті.

Алдағы уақытта сайт пайдалы кеңестермен, балалар қауіпсіздігі жайындағы халықаралық сарапшылардың материалдарымен толыға түспек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум