Қазақстанда балалар судьясы, прокуроры мен тергеушісі болады
«Балалар кодексін әзірлеуге кірістік. Бізде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттар бар. Бас прокуратура, Жоғарғы сот және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қазіргі уақытта балалар судьясы, балалар прокуроры және балалар тергеушісі болуы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бұл бағдарлама әрбір мемлекеттік органға қазірдің өзінде жартылай енгізілген. Қазір оны тек жақсартып, нақтылау үстіндеміз», - деді Зағипа Балиева.
Осы ретте ол еліміздің жоғары оқу орындары балалармен арнайы жұмыс істейтін тергеушілерді, прокурорларды, заңгерлер мен судьяларды дайындау ісіне ден қоятындығына үміт артатындығын атап өтті.
«Өйткені, бала мен ересек адам - бұл мүлдем бөлек екі субъекті. Балаға барынша назар аудару және мол білім керек. Бүгінде Сот академиясында, Құқық қорғау органдары академиясында тұрақты курс енгізілуде. Ол бала құқығы жөніндегі құқық қорғау органдарының барлық қызметшілері үшін міндетті болады», - деді Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі.