Қазақстанда балаларды жарақаттардан сақтандыру бойынша айлық басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балаларды және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттардан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі. 2015 жылы бұл шара «Әрдайым мұқият бол!» ұранымен өтеді.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, айлық барысында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек үстелдер, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда.

Балалар жарақаттары тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін кең көлемді әлеуметтік түйінді мәселелердің бірі екенін атап өту керек. Оған әр түрлі жарақаттан болған балалардың өлім-жітімінің жоғары деңгейі дәлел. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНИСЕФ) балалар жарақаттарының алдын алу және бағалау жөніндегі дүниежүзілік баяндамасына сәйкес, алған жарақаттан жыл сайын әлемде 830 мың бала қаза болады, ондаған миллион балалар мүгедек болып қалады.

Соңғы жаңалықтар