Қазақстанда балалардың 75 пайызы асқынған лейкоздан сауығып кетуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалардың 75 пайызы асқынған лейкоздан аман қалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штаттан тыс онкогематолог маманы Роза Боранбаева мәлiм еттi.
"Қазақстанда заманауи технологиялардың арқасында балалардың аплостикалық анемия, лейкоз сынды ауыр дерттерi сәттi емделiп жатыр. Бүгiнде лимфобластты лейкозбен ауыратын нәрестелердiң 75 пайызы сауығып кетуде. Ал апластикалық анемиядан 60 пайызы айыққан", - дейдi ол. Оның айтуынша, бұл аурулар бұрын емделмейтiн болып саналып келдi. 2010 жылдан берi тiн жасушаларын трансплантациялау әдiсi енгiзiлген. 2013 жылы 7 балаға тiн жасушалары трансплантацияланды.