Қазақстанда «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» әлеуметтік жобасы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыларға орналастыру бойынша «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, Amway компаниясының қолдауымен «Болашақ үшін жауапты» қайырымдылық қорының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыларға орналастыру бойынша «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» әлеуметтік жобасы басталды. Жобаның іске асырылуы әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Балалар үйінің отбасына орналастырылған балаларды сүйемелдеудегі рөлі» тақырыбындағы семинар-тренингтен бастау алды. Оның мақсаты - балалар үйінің қызметкерлерін тәрбиеленушілерді отбасында өмір сүруге бейімдеу жұмыстарына үйрету», делінген хабарламада.

Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және өңірлерден келген облыстық балалар үйлерінің директорлары қатысты. Әлеуметтік жетімдіктің (ата-аналары әртүрлі себептермен олардың тәрбиесімен айналыспайтын тірі жетімдердің) мәселелері, «қайта орын алған жетімдік феномені» (баланы тәрбиелеуге алған отбасының баланы жетімдер үйіне қайтаруы) бүгін қазақстандық қоғам үшін өзекті болып отыр. Оларды шешу жүйелі көзқарас, баланы асырап алушы ата-аналарды және әлеуметтік қызметкерлерді оқыту арқылы мүмкін болмақ. Семинардың бағдарламасы түрлі жаттығуларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау және пікірталасқа қатысу арқылы тренинг форматында әзірленді. Қатысушыларды тәжірибелі жаттықтырушы мамандар оқытады. Семинардың соңында қатысушыларға тренингтен өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификат берілді. «Балаларға деген сүйіспеншілік» атты грантты байқау 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар