Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы психологтар дайындалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы психологтар дайындалуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Отбасы тәрбиесі институтының бас директоры Софья Евдокимова мәлім етті.
None
None

«Бес жыл ішінде Институттан мыңдаған ата-ана мен бала өтті. Маскүнемдік, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты күштеу мен озбырлық сияқты әлеуметтік мәселелердің барлығы отбасыдан. Ата-ананың тәрбие білімінің жоқтығынан. Біз олардың білім көкжиегін кеңейтіп, бала тәрбиесінде көмектесу үшін өз мамандарымызды тартып келеміз», - дейді С. Евдокимова.

Оның атап көрсеткеніндей, осы мақсатта отбасылық қарым-қатынастарға маманданған психологтардың біліктілігін арттыру жұмыстары жасалуда.

«Біздің институт психологтардың білігін жетілдіретін орталық ашты. Елімізде білім беру саласында шамамен 12 мыңнан астам психолог бар екен. Ал біздің институтпен 1700 психолог даярланды. Бұл Қазақстанда отбасылық мәселелерді алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстардың тек бір парасы ғана. Біздің қателігіміз сол, елде отбасылық тәрбие кафедрасы болмады, бүгін сол олқылықты біртіндеп түгендеп келеміз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар