Қазақстанда балық өндірісі 30 пайызға кеміді
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда балық өндіру көрсеткіші 1990 жылдардағыдан 30 есеге кеміген.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Қуаныш Исбеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл жағдайды осы қалпында қалдыруға болмайды. «Елде аквмәдениетті дамыту керек. Осы уақытта біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, балықты тауар ретінде аулау жөніндегі шеберлік-жоспары дайындалды. Аталмыш құжат 2025 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Онда балықтарды жасанды түрде өсіруді дамыту және оның мөлшерін жылына 50 мың тоннаға жеткізу мәселесі қарастырылған. Бұл тұрғындардың балықты тағам ретінде пайдалану көлемін жылына бүгінгі 5 келіден 10 келіге дейін жеткізуге мүмкіндік береді»,-деді Бас директор.
Ал медицина мамандарының халқымыздың әрбір тұрғыны жылына 14 келіден астам балық жеуі керектігін айтуда. «Аквмәдениетті дамытумен қатар бізге өзіміздің табиғи қорларымызды да қолдап отыруымыз керек. Бұл әрине, біздің жыл сайынғы басты жұмыстарымыздың бірі. Өткен жылы біз өзіміздің зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша, балықтардың уылдырық шашатын кездерін балық аулауға тыйым салудың мерзімін ұзарту жөнінде бастама бастама көтердік. Бұл балықтардың табиғи жолмен көбеюін қарастыратын игі шара»,-деді Қ.Исбеков.