Қазақстанда басқарушылық консалтингтің халықаралық стандартын енгізетін уақыт жетті
Оның айтуынша, қазір әлемде консалтинг бойынша жалғыз стандарт бар. Ол: CEN 16114. Міне осы стандартты негізге алу керек.
«Бүгін осы дөңгелек үстелге осы стандарттың авторы, халықаралық аудитор Ильзе Эннсфеллнер қатысуда. Ол кеше біздің консультанттармен тренинг өткізді. Отандық кеңесшілердің біліктілігіне риза болды. Бірақ, консультанттарымыздың деңгейі шет елдік консультанттармен тең болуы үшін, бізге осы Халықаралық стандарттың негізінде жасалған отандық стандарт керек. Ондағы мақсат - Қазақстандық консультанттар мен олардың клиенттерінің біліктілік деңгейін көтеру», - деді Гүлсім Ақтамбердиева.
Бүгінгі дөңгелек үстелге Қазақстандағы менеджмент бойынша консультанттар палатасының, Қазақстан Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының, ҚР жобалау менеджерлері одағының және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жиынының қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданды. Бұл құжатқа сәйкес, қатысушылар CEN 16114 халықаралық стандарты негізінде қазақстандық стандартты дайындау үдерісін қолға алу және мүдделілік танытқан тараптарды толық ақпаратпен қамтамасыз ету ұсынылды.