20:10, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Қазақстанда баспа, интернет және онлайн журналистикаға арналған арнайы сыйлық бекітіледі - Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық байқауының «Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» аталымында "Atameken Business Channel» телеарнасы бас жүлдеге ие болды. Байқау жеңімпазына арнайы мүсіншені ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті әріптестер, қадірменді қауым! Ең алдымен келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Наурыз мерекесі әрқашан да жаңарудың белгісі. Сондықтан да бүгінгі беріліп жатқан «Тұмар» сыйлығы менің ойымша, біздің отандық телевизияға жаңа серпін, жаңа үрдіс, жаңа қадам болады», - деді ол.
Сонымен қатар Дәурен Абаев бүгінгі салтанатты шара барысында Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне өте көп жылы сөздер айтылғанын атап өтті.
«Министр ретінде, жеке маған осынау сыйлықты табыстау үлкен мәртебе. Телевизиялық сыйлықтың өте жақсы тәжірибесін ескере отырып, келесі журналистика саласындағы сыйлық баспа, интернет және онлайн басылымдар үшін болмақ», - деді Дәурен Абаев.