Қазақстанда баспана бағасы 1,5 пайызға қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қыркүйегінде жаңа тұрғын үйдің 1 шарты метрінің орташа құны 253 717 тегені құрап, өткен тамыз айымын салыстырғанда 0,4 пайызға, ал 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,5 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінде қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда баспана бағасы 1,5 пайызға қымбаттады

Атап айтқанда, қыркүйекте сатылған 1 шаршы метр үшін абаттандырылған тұрғын үйлердің орташа құны 187 236  теңгеге жетті. Бұл өз кезегінде тамыздағы көрсеткіштен 0,4 пайызға, сондай-ақ өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,8 пайызға кем.

Бұдан бөлек, абаттандырылмаған тұрғын үйлер шамамен 114 345 теңге сомасында саудаланды.

Белгілі болғандай, өткен айда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метрге 1 306 теңге көлемінде бағаланды. Осы орайда тамыз айына қарағанда 0,4 пайызға, ал 2016 жылдың желтоқсанындағы деңгейден 2 пайызға жоғарылады.