17:19, 07 Қараша 2017 | GMT +5
Қазақстанда баспана бағасы арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,5 пайызға төмендеді. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған ведомство мәліметінше, осы кезеңде абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,2 пайызға өскен. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7 пайызға жоғары болған.
2017 жылдың қаңтар-қазанында жаңа тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 252479 теңгеден сатылса, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату барысындағы баға шаршы метріне 187 555 теңгені, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерде 114 547 теңгені құрады.