Қазақстанда «Батыл Тойтарыс – 2022» ведомствоаралық оқу-жаттығу басталды

Оқу-жаттығу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдар арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды.
«Батыс тойтарыс – 2022» кешенді стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтеді.
Шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.
«Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қауіп-қатерлердің өршуі жағдайында терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері пысықталады.
«Батыл Тойтарыс – 2022» оқу-жаттығу ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін жалғасады», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.