Қазақстанда Батырхан Шүкеновке ұқсайтын ер адамның рөліне кастинг жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Батырхан Шүкеновке ұқсайтын ер адамға кастинг жарияланды. Бұл туралы марқұмның досы, «Батырхан Шүкенов» қоғамдық қорының директоры Олжас Байқанов хабарлады.

Қазақстанда Батырхан Шүкеновке ұқсайтын ер адамның рөліне кастинг жарияланды

Ер адамға қойылатын талап: бет-әлпеті Батырға ұқсауы және «Аманат» әнін білуі керек.

Сонымен қатар, 18-25 жас аралығындағы қыздың рөліне де кастинг жарияланып отыр.

Кастинг «Аманат» клипін түсіруге және болашақта көркем фильмге актер іздеу мақсатында жарияланған.