Қазақстанда базалық зейнетақы көлемі 16 пайызға дейін артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда базалық зейнетақы көлемі 16 пайызға дейін артады. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа әдістемемен есептелінетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектікке, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы мен базалық зейнетақының мөлшері 16 пайызға дейін артатын болады», - деді ол.

Тамара Дүйсенова өз сөзінде Мемлекет басшысы министрлік алдына 2017-2018 жылдары азаматтардың әлеуметтік қамсыздану деңгейін кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі міндет жүктегендігін де баса айтты.

Министрдің түсіндіруінше, базалық зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен өсетін болады. Бұл базалық зейнетақы тағайындау әдістемесінің  өзгеруіне байланысты. Жаңа әдістерге сәйкес зейнетақы 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі кіретін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зенйтақы жүйесіне зейнетақы салымдарының түсу кезеңіне байланысты белгіленеді. Бұл мақсатқа респубилкалық бюджеттен келесі жылдың екінші жартыжылдығында 147 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Сонымен қатар оның айтуынша, бірінші кезеңде, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл басындағы 9 пайыздық өсімді есепке алғанда  ынтымақты зейнатық көлемі 11 пайызға, базалық зейнетақы көлемі жыл басындағы 7 пайыздық өсімді есепке алғанда 13 пайызға артатын болады.

«Нәтижесінде біз 2017 жылдың 1 шілдесінде зейнетақы көлемін 2016 жылғы зейнетақы көлемімен салыстырғанда 20 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Бұл өсім барлық зейнеткерге немесе 2 миллионнан бастам адамға қатысты. Бюджетті нақтылау барысында бұл мақсатқа шамамен 80 млрд. теңге қарастырылған», - деді Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар