Қазақстанда базарлардың өртенуі жылдан-жылға артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы базарларда өрт саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысында ҚР Төтенше жағдай министрі Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«2012 жылы 38 оқиға тіркелді. Базарлардағы өрт бес оқиғаға артып, 2013 жылы 43-ті құрады»,-деп тоқталды министр. В. Божконың сөзіне қарағанда, былтыр 530 базардың өрт қауіпсіздігі жағдайына тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 4,7 мың заң бұзушылық анықталып, 513 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттарға нысандардың жұмысын тоқтата тұру туралы 161 талап-арыз бағытталып, оның 129-ын соттар қанағаттандырды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар