Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды ғылыми мақсатта аулауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда моножіптер мен моноталшықтардан жасалған торларды сатуға тыйым салынады. Бұл туралы Астанадағы брифингте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов мәлім етті.

Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды ғылыми мақсатта аулауға тыйым салынды

«2010 жылдан бері Қазақстан аумағында бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға тыйым салынған. Сонымен бірге бекіре балықтарын қорғауды күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен бекіре тұқымдастырды ғылыми мақсатта аулауға да шектеу қойылды»,-деді Н. Жүнісов.

Бұл шара балық өнімдерінің жасырын айналымына қарсы бағытталған. Себебі, аракідік «ғылыми мақсатта аулануда» деген желеумен заңсыз балық аулау деректері кездесуде.

Бұдан басқа, қазіргі таңда АШМ жұмыс істеп тұрған бекіре балық өсіру зауыттарының жиынтық қуатын, нақтырақ айтқанда, бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын жылына 7 миллионнан 12 миллион данаға дейін ұлғайтып, олардың өндірістік базасын қайта жаңарту жолымен бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін көбейту мәселесін пысықтауда.