Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндіру көрсеткіші 1 975,9 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты

Есепті кезеңде 305,5 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғандағы өсім - 150,8 пайыз), 1 245 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (-0,2 пайыз), 2 408,8 мың тонна газойл (+12,7 пайыз), 1 551,1 мың тонна мазут (+2,7%) өндірілді.

Сондай-ақ, 1 100,4 мың тонна ферроқорытпа (+8,5%), 1 041,2 мың тонна жазық прокат (-29%), 67,7 мың тонна тазартылған қорғасын (-10,8%), 163,8 мың тонна мырыш (+3%), 227 мың тонна тазартылған мыс (+13,8%) өндірілген.