Қазақстанда бензин тапшылығы бола ма
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бензин тапшылығы орын алуы болжанып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде республика бойынша АИ-92-93 бензиндерінің орташа бағасы литріне 125-127 теңге, дизель отыны шамамен 129 теңгені құрайды. Бүгінгі күні тапшылық болжанып отырған жоқ. Осыдан үш апта бұрын дизель бойынша қор 90 мың тонна деңгейінде болғанын атап өткім келеді. Қордың артуы байқалады. Мәселен, 25 қазандағы мәліметтерге сәйкес, мұнай базаларындағы қорлардың көлемі АИ-92-93 бензиндері бойынша 133 мың тонна, дизель отыны бойынша 126 мың тоннаны құрайды», - деді вице-министр.
Мырзғалиевтің айтуынша, ағымдағы жылу беру маусымының күз-қыс кезеңдерінде әлеуметтік-өндірістік нысандар 342 мың тонна мазутпен қамтамасыз етіледі. Ал АИ-92-93 бензиндерінің бағасы сұраныс пен ұсыныстың негізінде нарықтық тетіктер арқылы реттеліп отырады.