Қазақстанда бензиннің тұрақтандыру қорын құру жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бензиннің тұрақтандыру қорын құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Қазақстанда бензиннің тұрақтандыру қорын құру жоспарлануда

«Тұрақтандыру қорын республиканың 10 күндік (АИ-92) тұтыну көлемінде құру жоспарланып отыр. Бұл шамамен 50 мың тонна. Бүгінде ол осы көлемдерді қандай бағамен сатып алатынымызға байланысты болмақ», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және еліміз бойынша жанар-жағармай құю желілері бар ірі бизнес субъектілерімен қарастырылуда. Сонымен қатар олармен осы жұмысты қаржыландырудың қажетті көлемі де талқылануда.