Қазақстанда бес жұлдызды қонақүйдің орташа бағасы — тәулігіне 55 мың теңге

қонақ үй
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қонақүй саны 2 237-ге жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36-ға артық. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.  

Ең көп қонақүй Алматы (232) және Астана (190) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (139).

Елордада бір жыл ішінде мейманхана саны 12-ге өсті, ең үлкен кему Қостанай облысында тіркелді, онда қонақүй саны 11-ге қысқарған. 

2024 жылдың бірінші тоқсанында қонақүйлер барлығы 1,4 млн келушіні қарсы алды, көрсетілген қызметтер көлемі 45 млрд теңгені құрады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жұлдызды категориясы бар қонақүй саны 6-ға қысқарған. Бүгінде олардың саны — 117.

Бес жұлдызды қонақүйлер Қазақстанның 10 өңірінде орналасқан.

Бір адамға шаққандағы орташа төлем — тәулігіне 55,5 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар