Қазақстанда бейбітшіліктің қадірін білген жұрттың талабын көріп отырмыз - Бекболат Тілеухан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі сайлауда қала және ауыл тұрғындары жоғары белсенділікті көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт ойындары қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлім етті.

Қазақстанда бейбітшіліктің қадірін білген жұрттың талабын көріп отырмыз - Бекболат Тілеухан

«Елімізде бұл сайлау мейрам секілді өтіп жатыр. Халық өзінің қалауын білдіріп жатыр. Бүгінде әлем тыныш емес, ал осындай кезеңдерде Қазақстанда тыныштық пен бейбітшіліктің қадірін білген жұрттың талабын көріп отырмыз. Осы маңызды сәтте жұмылған жұрттың ынтымағын, елдігімізге, келешегімізге деген халықтың санасын байқадым», - деді Б.Тілеухан.

Осы орайда ол бүгінгі сайлауда қала және ауыл тұрғындары жоғары белсенділікті көрсетіп отырғандығын атап өтті.

«Мейрам күнімен барша халқымызды құттықтағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді қауымдастық басшысы.