Қазақстанда бейтарап сарапшылар қалыптасып келе жатыр -саясаттанушы Сайын Борбасов

АЛМАТЫ. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Саяси мақсат үшін ғана билікті не оппозицияны мадақтап жүргендер дұрыс  сарапшы емес. Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қоғам бірлігі және тұрақтылық елді жаңғыртудың негізгі факторлары» деп аталатын ІІ

Қазақстанда бейтарап сарапшылар қалыптасып келе жатыр -саясаттанушы Сайын Борбасов

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде сөз болды.

«Оппозициялық партиялардың сарапшыларында сын көзқарастары басым болады. Бүкіл халықтың көңіл-күйін билікке тек қана жағымсыз қарым-қатынаста көрсетіп отырады. Биліктің төңірегіндегілер болса оны жақтауға тырысады. Қазақстанда қазір бейтарап сарапшылар қалыптасып келе жатыр. Парламентаризм институтындағы бүгінгі қоғамдық келісім мен  әлеуметтік келісім мәселесін талқылауға келіп отырғандардың  басым көпшілігі бейтарап сарапшылар», - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Сайын Борбасов. Саясаттанушының пайымдауынша, бейтарап сарапшылар негізіген ғалымдар. Олар барды бар, жоқты жоқ деп айтуға тырысады. Әрдайым ақты ақ, қараны қара, қоңырды қоңыр деп айту керек. Өмір түрлі бояуларға толы. Обьективті шындықты талдау арқылы ғана біз билікке және түрлі бизнес құрылымдарына қоғамға болып жатқан оқиғалар туралы ақиқатты айтуға тырысамыз. Ал ақиқат дұрыс шешімдер қабылдап, қоғамды жөндеуге әкеледі.