Қазақстанда билік тұтқасын ұстаймын деген әйелге барлық мүмкіндіктер жасалған - сенатор С.Жалмағамбетова
СТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда билік тұтқасын ұстаймын деген әйелге барлық мүмкіндіктер жасалған», деді сенатор Светлана Жалмағамбетова «Нұр Отан» партиясында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты өткен шарада,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенатордың сөзіне қарағанда, билікке келу- келмеу әйел азаматтың өзіне байланысты. Әйелдің бойында өзінің отбасына, балаларына деген сүйіспеншілікпен келген үлкен жауапкершілік бар. «Әйелдердің қарым-қабілеттері қай салада алсаңыз да өте жоғары. Қазақ әйелдері білімді, әдепті де әдемі. Олардың қолынан барлығы келеді. Дегенмен, біздің елде әрбір әйел міндетті түрде билік басына баруы керек деген мақсат жоқ деп ойлаймын», деді сенатор.