Қазақстанда біліктілігі төмен судьяларды босатудың жаңа тәртібі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда судьялардың деңгейін бағалайтын арнайы жүйе құрылады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәдім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде салада жұмыс істеп жүрген судьяларға қандай талаптар қойылады деген сұрақтар туындап жатады. Кез келген компанияда, құқық қорғау органдарында қызметкер өзінің жұмысын дұрыс атқармаса, оны бірден қызметінен босатады. Ал сот жүйесінде олай емес. Бізде жұмыстан босату күрделі әрі көп сатылы рәсім. Сондықтан судьялардың деңгейін бағалайтын арнайы жүйе құрмақпыз. Осындай шаралар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде қолданылады. Бүгін Сенатта қаралып отырған заңдар қабылданса, онда сот сапасы жөніндегі үлкен комиссия құрылады», - деді Жақып Асанов.

Осы орайда ол аталған комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың деңгейін тексеріп, баға беретінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Заңның мақсаты сот жүйесін жаңғырту, судья кадрларын сапалы дамыту және жаңартуға негізделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар