Қазақстанда білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілуде

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Орта білім беру мекемелеріндегі сапалық бақылауды орталықтандыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау үшін елімізде білім сапасына бірыңғай вертикальды бақылау енгізіледі,

Қазақстанда білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілуде

деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінен Pm.kz сайтына.

«4-ші сыныптардағы аралық мемлекеттік бақылаудың (АМБ) орташа балы -18,2, 9-шы сыныптарда  70,8 балды құрады»,- делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, 2011 жылы жоғары оқу орындарының студенттері  арасында  өткізілген аралық мемлекеттік бақылауға барлық студенттердің 90,7 пайызы қатысқан және олардың орташа көрсеткіші - 82,3 балды құраған. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа көрсеткіш - 86,7 балл болған.

Сондай-ақ, 2011 жылы 3796 ізденушінің ғылыми атақтары қуатталды (оның ішінде, ғылым докторлары - 588, ғылым кандидаттары - 2040, профессорлар - 313, доценттер - 855).

«2011 жылы еліміздің 25 жоғары оқу орны мен 3 республикалық мекемесінде мемлекеттік аттестация  өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша 449 мамандық аттестациядан өтті», - деп атап көрсетіледі министрліктің хабарламасында.

Оған қоса, білім беру қызметін лицензиялау ережелері мен Білім беру туралы заңының сақталу сақталмауына  қатысты   72 оқу орнында тексеру жүргізілді.