Қазақстанда білім беру жүйесінде тәрбие беру ісі бойынша кешенді бағдарлама әзірленуде - ҚР БҒМ

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы жекеменшік формасы мен білім беру деңгейіне қарамастан білім беру жүйесінде тәрбие беру жұмысы бойынша кешенді бағдарлама әзірленеді, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет.

Қазақстанда білім беру жүйесінде тәрбие беру ісі бойынша кешенді бағдарлама әзірленуде - ҚР БҒМ

«Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатының дамуына ерекше назар бөледі», - деді Мадияр Қожахмет.

Оның ақпаратына сүйенсек, тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарындағы жастарға тәрбие беру үрдісін қамтитын болады.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі «Дипломмен ауылға!», «Жастар саясаты», «Жасыл ел» сияқты жобалардың жүзеге асырылуына үлкен назар бөліп келеді.