Қазақстанда бір ай бойы Аэроұтқыр әскерлерінің мергендер даярлығына назар аударылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар басталды. Атап айтқанда, 2015 жылғы 13 қаңтар мен 8 ақпан аралығында «Көктал» (Жаркент гарнизоны) полигонында Аэроұтқыр әскерлері мергендерінің даярлығы өтеді.
None
None

«Бұл сабақтарда негізінен «шусыз соғыстарды» жүргізу мәселесіне баса көңіл аударылатын болады. Қазіргі заманғы соғыстар мен қарулы қақтығыстар тарихы көрсеткендей, көбінесе осы өнер шешуші маңызға ие. Сабақтардың негізгі мақсаты - мергендер бөлімшелерінің жеке құрамына даярлық тәжірибесін, ұрыс қимылдарын жүргізу және қысқы жағдайда бүркемелеу тәртібін үйрету»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Полигондағы сабақтарға Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Руслан Мұздыбаев жетекшілік жасайды. Қызмет жылдарында ол офицерлік құрамның барлық буынынан өткен, тәжірибе алмасу үшін шетелдерде болған офицер. Бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығуларға жетекшілік жасаған. Сонымен қатар, жиын барысында атыс даярлығы, тактика, инженерлік даярлық, топография, медициналық даярлық, байланыс және тау даярлығы бойынша сабақтар өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар