11:40, 30 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстанда бір банкоматқа - 1860, бір терминалға - 483 адамнан келеді
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, Қазақстанда бір банкоматқа - 1860, бір терминалға - 483 адамнан келеді.

Бұл туралы «Астана ақшамы» газеті бүгінгі санында жазды.
Ресейдің жағдайымен салыстыратын болсақ, бұл елде 2012 жылдың басында бір терминалға - 270, ал бір банкоматқа 1007 адамнан келіпті.
Елімізде бүгінгі күні 33 мың 318 POS-терминал бар болса, оның 27 мың 325-і сауда және қызмет көрсету орындарында орнатылған. Сондай-ақ 8 мың 652 банкоматтың 1040-ында ақша қабылдау қызметі қарастырылған.