Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 баланың ажалы судан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бір тәулік ішінде 4 адамның ажалы судан болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Астана қаласының Есіл ауданы Тельман кентінде «Нұра-Есіл» каналына кеше сағат 13.45-те суға түсу кезінде 1991 жылы туған азамат батып кетті. Сағат 14.00 кезінде оның мәйіті ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен судан шығарылды.
Ал Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы Көкпекті кентінде Көкпекті өзеніне кеше кешкі сегіздер шамасында суға түсу кезінде 1997 және 2004 жылы туған екі жасөспірім батып кетті. Олардың мәйіттерін судан он бес минут өткен соң жергілікті тұрғындар алып шықты.
Сондай-ақ Шымкент қаласында Маятас жасанды су қоймасына кеше сағат 16.30 кезінде суға түсу кезінде 2002 жылы туған жасөспірім батып кетті. Оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.