Қазақстанда бір тәулікте 25 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 25 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ өткен бір тәулікте коронавирустық пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Жазылып шықты – 61 науқас.
«1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44385, 474 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 32183 жетті», - делінген ақпаратта.