Қазақстанда бір тәулікте 3 адам суға кетті, олардың арасында бір бала бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 3 адам суға кетті, олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жексенбі, 5 тамыз күні Алматы облысындағы Қарой ауылындағы Іле өзеніне шомылу кезінде 28 жасар ер адам суға батып кетті. Оның денесін судан куәгерлер алып шықты.

Павлодар облысына қарасты Қызылжар ауылындағы Қаратүн өзеніне шомылу кезінде 8 жасар бала батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі 3 адам мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Алматы облысында орналасқан Тұрар ауылындағы «К-28» көліне шомылу кезінде 24 жасар жігіт батып кетті. Оның денесін судан РР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі 3 адам шығарды.

Соңғы жаңалықтар