Қазақстанда бір тәулікте 583 адам қар құрсауынан құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте қар құрсауынан 583 адам шығарылып, құтқарылды. Оның ішінде 34 бала болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қазақстанда бір тәулікте 583 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында "Кеген-Жалаулы" жолының бойындағы жолда 15 жолаушысымен 5 жеңіл көлік қалып қойды. Құтқарушылар машиналарды жолдың тазартылған бөлігіне шығарды.

Павлодар облысында Ақсу ауданының Евгеньев және Үш терек ауылдарының арасындағы жолдың 8-шақырымында қар құрсауында төрт жолаушысы бар машина қалып қойған. Автокөлік ТЖД қызметкерлерімен жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды.

Ақсу ауданының Парамоновка ауылының жанындағы 65-шақырымда 4 жолаушысы бар Қырғызстанның «Мерседес» шағын автобусы бензиннің қатып қалуынан жолда қалған. Құтқарушылар адамдарды Парамоновка ауылының мектебіне жеткізді.

Жамбыл облысында 13.30-да «Алматы-Ташкент» жолының бойында қар құрсауында 53 машина қалды, оның ішінде 8 жолаушылар автобус, 45 жеңіл көлік бар. Автокөліктердің салондарында 520 адам болған, олардың 32-сі балалар. Барлық автокөліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды.

Қарағанды облысының Шет ауданында «Ақсу-Аюлы-Ақадыр» жолының бойында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала бар.

«Қызылорда-Павлодар» жолының бойында қар құрсауынан 7 адам шығарылды, оның ішінде бір бала бар. Қызылорда облысында «Қызылорда-Жезқазған» жолының бойында 40 жолаушысымен 11 автокөлік қалған. Құтқарушылар техниканы жолдың тазартылған бөлігіне шығарды.

Абырой болғанда, жолда қалғандардың бәрі де дін аман.