Қазақстанда бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 4,6 пайызға төмендеді
«Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыссыздар саны бір жылдың ішінде 4,6 пайызға азайды, ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Бұл ретте экономиканың агроөнеркәсіп, мұнай химиясы, тау-кен өнеркәсібі сынды басымдықты салаларында 4,5 миллионнан астам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 54,5 пайызы жұмыс істейді», - деді ол.
Сонымен қатар оның алға тартқан деректеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 36,5 пайызын құраса, дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 70 пайыздан асып жығылады.
«Білімсіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 30 пайыздан көп. Бұл елдегі өнімділік қарқынына кері әсер етеді. Осыған орай «Нұрлы жол» бағдарламасын, индустрияландырудың екінші бесжылдығы жобаларын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезеңінде жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға жне дамытуға қабілетті жұмысы мамандығы бар кадрлар қажет болады», - деді Е.Сәдуақасова.