Қазақстанда бір жылдың ішінде қарақұмық бағасы 26,4% арзандаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2018 жылдың қазанында 4,7% көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, есептік кезеңде нан, ұн, макарон, бөлке және ұннан жасалған өнімдер, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, майлар, қант, кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, алкогольсіз сусындар және алкоголь ішімдіктері қымабаттап, жарма - арзандаған.
Сондай-ақ, жарма өнімдері түрлерінің бағалары да өзгерген. Мысалы, күріштің бір келісінің орташа бағасы биыл қазанда 314 теңге болса, былтыр 289 теңгені құраған. Ал, қарақұмық - 248 теңге (былтыр 337 теңге). 2018 жылдың қазанында сүт өнімдерінің орташа бағасы келісіне 1585 теңге (2017 жылдың қазанында - 1462 теңге), қаймақ - 1047 теңге (967 теңге), мәйек ірімшігі - 2461 теңге (2189 теңге), айран - 282 теңге (266 теңге), пастерленген сүт - 222 теңге (211 теңге) болған.