Қазақстанда биыл 14 мыңға тарта адамның жүрегіне операция жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің медициналық ұйымдарында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 13752 кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 2558 отаны дәрігерлер ашық жүрекке жасаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары технологиялық медициналық көмектің мұндай түрі республика өңірлерінде белсенді түрде дами бастады. Айталық, ашық жүрекке атқарылған барлық операциялардың жартысынан астамы (54%) өңірлік клиникалардың үлесіне тиеді.
Аталған мерзім ішінде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға мұндай 562 күрделі операция жасалды.